Accessibility links

Косовоның тәуелсіздік жариялағанына екі жыл толды


Косово бүгін Сербиядан тәуелсіздігін жариялағандығына екі жыл толуын атап өтеді.

2008 жылы Косово тәуелсіздігін 65 мемлекеті, соның ішінде АҚШ және ЕуроОдақтың 20 астам елі таныды.

Косово БҰҰ және ЕО қорғауында, бұл елде халықаралық күштердің 10 мың сарбазы бар.

БҰҰ-ның халықаралық соты көктемде Приштинаның Сербиядан тәуелсіздігін бір жақты жариялауының заңды-заңсыздығы туралы шешім шығарады.
XS
SM
MD
LG