Accessibility links

Британдық генерал тәліптердің қарсылығы «әлсіреді» деп мәлімдеді


Коалиция әскерінің "Талибан" күштеріне қарсы шабуылы нәтижесінде Ауғанстанның оңтүстігіне шоғырланған бүлікшілердің қарсылығы «әлде қайда әлсіреді». Ауғанстандағы халықаралық коалиция әскері қолбасшыларының бірі генерал Ник Картер елдегі әскери іс-қимылдарға осындай баға беріп отыр.

Картер Гильменд провинциясындағы Марджа қаласындағы ұрыстарда бүлікшілер халықаралық әскерге әжептәуір қарсылық көрсеткендігін қосымша атап көрсетті. Британдық сарбаздардың қолбасшысы тәліптер орнатқан жарылғыштардың көптігіне таң қалғандығын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG