Тибеттің рухани көсемі Далай-лама бүгін АҚШ-қа барады. Сапар қарсаңында Ақ үй АҚШ президенті Барак Обама, Қытайдың наразылығына қарамастан, Далай-ламамен кездесетіндігін растады. Жүздесу бейсенбіге жоспарланған.
Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас соңғы кездері салқындай түсті. Бұған АҚШ-тың Тайванға қару-жарақ сату туралы келісім, Қытайдағы хакерлердің Google интернет-компаниясына қарсы шабуылы төңірегіндегі жанжал, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы келіспеушіліктер түрткі болды.
Қытай Далай-ламаның батыстық басшылармен кездесуіне қарсы. Бейжің Тибеттің рухани көсемін жікшіл деп айыптап отыр.