Accessibility links

Ресей және Абхазия әскери база туралы келісімге отырады


Ресей және Абхазия бүгін жаяу әскерге арналған ресейлік базаны Абхазия аумағында салу туралы келісімге қол қояды деп хабарланды.

Абхазия қорғаныс министрінің орынбасары Гарри Купалба, Reuters агенттігіне берген сұхбатында, базаға кем дегенде үш мың сарбаз орналастырылады деп мәлімдеді.

Грузия база құру жоспарын «заңсыз» деп бағалады. 2008 жылдың тамызында Грузиямен арадағы жанжалдан кейін Ресей Грузиядан бөлініп шыққан Абхазия және Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін таныған еді.
XS
SM
MD
LG