АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшағы Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағындағы бүлікшілерді нысанаға алды. Пәкістанның барлау ресмилерінің хабарлауынша, сәрсенбі күнгі шабуылда 3 бүлікші өлтірілген. Әуе шабуылы аймақтағы негізгі қала Мираншахтан 15 шақырым жердегі Тапи ауылында бүлікшілердің жасырынған ғимаратына бағытталды. Бұл осы аптада аталмыш ауылда жүзеге асырылған екінші шабуыл.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Шекарасыз тілшілер"
"Репрессияны модернизациялады". Қазақстан баспасөз еркіндігі рейтингінде 155-орында
AzattyqTV