Accessibility links

АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілі Сирия президентімен кездесті


АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілі Сирия президентімен кездесті. Бұл уақытта президент Барак Обама Дамаскімен қарым-қатынастарды жақсартуды көздеп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уилиям Бурнсті бүгін президент Башар әл-Ассад қабылдады.

Сонымен қатар бүгін Обама ұзақ үзілістен кейін Сирияға Роберт Фордты жаңа елші етіп тағайындады. Вашингтон 2005 жылы Ливан премьер-министрі Рафик Харири өлтірілгеннен кейін Сириядағы елшісін кері қайтарып алған болатын.
XS
SM
MD
LG