Accessibility links

Далай-лама АҚШ президентімен кездесу үшін Вашингтонға барды


Тибеттің қуғынға ұшыраған рухани көсемі Далай-лама АҚШ президенті Барак Обамамен кездесу үшін сәрсенбі күні Вашингтонға барды. Кездесу бейсенбі күні өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін қытай билігі Далай-ламамен кездесу белгіленгендігіне өз наразылығын білдірген болатын.

Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас соңғы кездері салқындай түсті. Бұған АҚШ-тың Тайванға қару-жарақ сату туралы келісім, Қытайдағы хакерлердің Google интернет-компаниясына қарсы шабуылы төңірегіндегі жанжал, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы келіспеушіліктер түрткі болды.

Қытай Далай-ламаның батыстық басшылармен кездесуіне қарсы. Бейжің Тибеттің рухани көсемін жікшіл деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG