Accessibility links

Израиль ХАМАС өкілінің өліміне қатысты айыптарды жоққа шығарды


Израиль басшылығы палестиналық ХАМАС радикалдық тобының көсемдерінің бірі Махмуд әл-Мабхухтың Дубайда өлтірілуіне қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады.

Сәрсенбі күні Израильдің сыртқы істер министрі Авигдор Либерман израилдік моссад барлау агенттігінің әл-Мабхухтың өліміне қатысы барлығын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ деп мәлімдеді.

Бұған дейін ХАМАС израилдік арнайы қызметті өзінің белсендісін өлтірді деп айыптаған болатын. Әл-Мабхухтың өлі денесі өткен айда Дубайдағы қонақ үйлердің бірінде табылды.

Ресми тергеу барысында 11 шетел азаматын қамауға алу туралы шешім шығарылды. Ұлыбритания және Ирландия биліктері сейсенбі күні күдіктілерде табылған бұл елдердің төлқұжаттары жалған деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG