Accessibility links

Олимпиада: шаңғышы Полторанин спринтте бесінші орын алды


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Ванкуверде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында классикалық әдіспен қысқа қашықтық бойынша жарыста бесінші нәтиже көрсетті.

Финалдық бәсеке кезінде Алексей Полторанин норвег Эйстейн Петтерсенмен соқтығысып қалғандығына байланысты мәре сызығын бесінші болып кесті. Ақтық сынға алты шаңғышы іріктеліп шыққан болатын.

Алтын және күміс жүлделерді ресейлік шаңғышылар Никита Крюков пен Александр Панжинский жеңіп алды. Норвегиялық шаңғышы Петтер Нортуг Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG