Accessibility links

Гаити билігі АҚШ миссионерлерін босатады

Гаитиде адвокаттар балаларды ұрлауға талпынды деп күдіктелген 10 американдық миссионер босатылады деп хабарлады.

Хабарларға қарағанда, миссионерлер тобының басшысы қосымша тергеуге алынады. Қалғандары елден шығарылады, жол шығынын олардың өздері көтеруі тиіс.

Миссионерлер тобы 12 қаңтарда тіркелген зілзаладан кейін ұсталған болатын. АҚШ азаматтарын гаитилік балаларды апат аймағынан ресми рұқсатсыз алып кетпек болды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG