Accessibility links

АҚШ ресмилері Мәскеуді зымыран қорғанысына көндіргісі келеді


Құрама Штаттардың қорғаныс ресмилері елдің зымыраннан қорғаныс жоспары Ресейге қарсы емес екеніне Мәскеуді сендіргісі келетіндерін айтты.

Ресей Барак Обаманың қайта қарала бастаған зымыран қорғанысы жоспарына алаңдаушылық танытқан. Оған Румыния АҚШ жүйесін өз елінде орналастыруды ұсынып, Болгария да оған қызығушылық танытуы түрткі болған.

АҚШ қорғаныс хатшысының қауіпсіздік істер бойынша көмекшісі Александр Вершбоу өткен жылы Мәскеу Румынияның зымыран қорғанысы орнатылуы мүмкін орын екенін білген еді деп айтты. Оның Рейтерс агенттігіне айтуынша, Вашингтон Болгариядан бұл елде зымыран қорғанысы жүйесін орнатуды сұраған жоқ.
XS
SM
MD
LG