Accessibility links

Пәкістандағы бомба жарылысынан кемінде 10 адам қаза тапты


Бүгін Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында бомба жарылыс орын алып, кемінде 10 адам қаза болды. Жергілікті ресмилердің айтуынша, тайпалы Оракзай аймағындағы Дармелада болған бұл жарылыстан ондаған адам жараланған.

Бұл жанкештілік шабуыл болды ма, әлде алдын-ала бомба қойылған ба деген мәселе тергеліп жатыр. Шабуылдың артында кімдер тұрғаны әзірге анық емес. Пәкістанның бұл аймағында талибандар мен әл-Қаида жауынгерлері бекінген.
XS
SM
MD
LG