Accessibility links

Британия мен Ирландия Дубайдағы өлімге қатысты Израиль елшісін шақырды


Дубайда Хамастың бас қолбасшысын өлтірді деген күдіктінің еуропалық төлқұжатпен жүруі бірқатар еуропалық елдер мен Израиль арасында кикілжің тудырып отыр.

Дубай бұл өлімге қатысты деп күдіктелген еуропалық паспорты бар 11 адамның атын жариялаған соң, Хамас өкілі Махмуд әл-Мабхухтың өлімінің артында Израилдің тыңшылық агенттігі тұр деген сөздер айтылды. 11 күдіктінің алтауы Британия төлқұжатын иеленген болса, үшеуі Ирландия, біреуі Германия және тағы бірі Франция паспортымен болған.

Осыған байланысты Британия мен Ирландия ол құжаттар жалған болып шықты деп мәселені талқылау үшін Лондон мен Дублиндегі Израиль елшілерін шақыртқан.
XS
SM
MD
LG