Accessibility links

Тимошенко партиясы Януковичті билікті заңсыз алмақшы деп айыптады


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың партиясы Виктор Януковичті билікті заңсыз тартып алуды көздеп отыр деп айыптады. Тимошенконың вебсайтында жарияланған мәлімдемеде вице-премьер Олександр Турчинов айтқандай, инаугруация мемлекеттік билікті заорлықпен алуға тырысу дегенді білдіреді деген.

Украина парламенті инаугурацияның мерзімін 25-ші ақпанға белгілеп қойған. Тимошенко Янукович сайлауда заңбұзушылықтармен жеңіске жетті деп, дауыс беру қорытындысын сотқа берген.

Сәрсенбі күні Украинаның жоғары әкімшілік соты бұл шағым қаралғанша, сайлау нәтижесін тоқтатып қойды. Сот бұл іске қатысты тыңдауларды жұма күні бастайтын болады. Және оның инаугурация мерзіміне дейін аяқталуы екіталай.
XS
SM
MD
LG