Accessibility links

Сербия газ желісін дамыту үшін 150 млн еуро несие алады


Еуропадағы қайта құру және даму банкі бүгін Сербияның табиғи газ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 150 млн еуро несие беруді мақұлдады.

Бұл қаражаттың көбі Сербияның солтүстігінде жерасты газ қорын құру мен газ жеткізу желісін дамытуға арналған. Сонымен қатар несиенің біраз бөлігі Сербияның газ компаниясының қысқа мерзімді міндетемелерін жабуға берілді.

ЕҚДБ бұл несие жөнінде бірінші рет 9-шы ақпанда хабарлап, банктің Сербияға салатын инвестициясы 90-ға жуық жоба бойынша 1,5 млд еуроға дейін барады деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG