Accessibility links

Олимпиада: Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанды


Қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. 29 жасар спортшы жеке жарыста барлық нысанды дәл көздеп, 15 шақырымды 41 минут 13 секундта жүріп өтті. Бұл жарыста норвегиялық Тора Бергер Олимпиада чемпионы атанса, белорус Дарья Домрачева қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін Хрусталева шағын қашықтықтағы жарыста 5-ші, ал пасьютте 11-ші нәтиже көрсеткен болатын.

Хрусталеваның жетістіген кейін Қазақстан Ванкувердегі Олимпиада ойындарының жүлде есебінде 17-ші орынға жайғасты.
XS
SM
MD
LG