Accessibility links

Далай-лама АҚШ президентімен кездесті


Тибет буддистерінің рухани көсемі Далай-лама Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездескендігіне үлкен ризашылығын білдірді. Далай-лама сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен де кездеседі деп жоспарланған.

Қытай қуғындағы Далай-ламаны АҚШ басшылығы қатылдайтындығын сынға алған болатын. Бейжің оны тибеттік жікшілдерге қолдау көрсетеді деп есептейді.

Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас соңғы кездері салқындай түсті. Бұған АҚШ-тың Тайванға қару-жарақ сату туралы келісім, Қытайдағы хакерлердің Google интернет-компаниясына қарсы шабуылы төңірегіндегі жанжал, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы келіспеушіліктер түрткі болды.
XS
SM
MD
LG