Accessibility links

Астанадағы өрттен үш өрт сөндіруші қаза болды


Астана қаласында бұрынғы бомбапана ғимаратындағы өртті сөндіру барысында өрт сөндіру қызметінің үш басшысы қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко, жұма күні үкімет отырысында, үш кісінің өліміне қатысты тергеу жүргізуін тапсырғандығын хабарлады.

Бұған дейін қалалық өрт сөндіру қызметінің бөлім басшылары өртеніп жатқан ғимаратты тексеруге кеткеннен оралмады деп хабарланды. Алайда төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды.

Бұрынғы бомбапана ғимаратындағы өрт сәрсенбі күні тұтанды. Өртпен екі күн бойы алысқан өрт сөндірушілер тілсіз жауды жұма күні таңертең ғана ауыздықтады деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG