Accessibility links

Нигерде әскери төңкеріс болды


Нигерде әскери топ бүгін ел президенті Мамаду Танджа және үкімет биліктен тайдырылғандығын жариялады. Сондай-ақ ел Конституциясы жойылғандығы және барлық билік институттары жұмысын тоқтатқандығы хабарланды.

Нигер басшысы болып Салу Джибо жарияланды. Джибо билікке шабуыл жасаған әскери топқа басшылық еткен. France Presse агенттігінің хабарлауынша, қолға түскен президент Танджа ел астанасы Ниамеяның шеткері ауданындарының бірінде қамауда отыр.

Нигерде билік пен оппозицияның текетіресі өткен жылы президент Мамаду Танджа үшінші президенттік мерзімге жол беретін заң қабылдағаннан кейін өрши түскен болатын.
XS
SM
MD
LG