Accessibility links

Ингушетиядағы жарылыстан полицей қаза тапты


Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін Ингушетияда орын алған екі бомба жарылысынан полиция қызметкері қаза тауып, кемінде 16 адам жараланған. Хабарларға қарағанда, жарақат алғандардың арасында Назран қаласындағы жергілікті полиция қолбасшысы болған.

Шешенстанмен шекаралас Ингушетияда соңғы кездері исламшыл бүлікшілер белсенділік танытуда.
XS
SM
MD
LG