Accessibility links

Ресей Иранды МАГАТЭ-мен ынтымақтасуға шақырды


Ресей Иранды Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен көбірек ынтымақтасуға шақырды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Нестеренконың мәлімдеуінше, бұл Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жою үшін керек.

Бейсенбі күні Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік Иран ядролық оқтұмсық жасау мақсатында жұмыс істеп жатқан болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген болатын.

Батыс елдері Теһран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Иран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG