Accessibility links

Өзбекстандағы журналист экстремизмде айыпталды


Өзбекстандағы адам құқын қорғаушы топтың хабарлауынша, белгілі спорт комментаторы және исламға қатысты радио бағдарламаларды жүргізген Хайрулло Хамидовқа экстремизм айыптары тағылған. Тәуелсіз адам құқықтарын қорғаушылардың бастамашыл тобын басқаратын Сурат Икрамовтың айтуынша, Хамидов пен тағы басқа 22 азаматқа "қоғамдық қауіпсіздік мен тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды әзірлеп, таратты" деген айыптар тағылған. Бұл туралы Франц-Пресс агенттігі хабарлады.

Хамидов өткен айда қамауға алынған болатын. Өзбекстан прокурорлары бұл айыптарды растамады.
XS
SM
MD
LG