Accessibility links

Пәкістандағы әуе соққысынан 30 содыр өлтірілді


Пәкістан билігінің хабарлауынша, елдің Оңтүстік Вазиристан аймағындағы талибан бүлікшілері тұрақтарына берілген әуе соққысынан кемінде 30 жауынгер қаза тапты.

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасына жақын жердегі Шауал ауданындағы операцияны пәкістандық әскери ұшқыштар жасады.

Сенбі күні сондай-ақ Пәкістанның солтүстік-батысындағы Мансера қаласында екі жанпидашы полиция қызметкерлеріне шабуылдаған. Жанкештінің біреуі өлген және бірнеше адам жараланған.
XS
SM
MD
LG