Accessibility links

Тимошенко сайлау қорытындысына қарсы сотқа берген шағымын қайтарып алды


Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко президенттік сайлау нәтижесін қарап жатқан елдің Жоғары әкімшілік сотынан өз шағымын қайтарып алды.

Сенбі күнгі сот отырысында Тимошенко өз шағымы бойынша бірқатар сайлау учаскелерінің құжаттарын алдырту жөніндегі және басқа өтініштерін сот қанағаттандырмай тастаған соң, шағымының сотта әрі қарай қаралғанынан ештеңе шықпайды деп білетінін айтты.

Жұма күнгі соттың алғашқы отырысында Тимошенко 1,5 миллионнан аса дауыс бұрмаланған деп мәлімдеген.

7-ші ақпанда Украинада өткен президенттік сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Тимошенкодан 900 мың дауысты артық жинаған Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович жеңіске жетті деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG