Accessibility links

Грузия шанашы Нодар Кумариташвилимен қоштасуда


Бүгін Грузияда Ванкувердегі қысқы олимпиада ойындары басталар алдында өткен жаттығу кезінде қаза болған шанашы Нодан Кумариташвилиді жерлеу рәсімі өтуде.

Сәрсенбі күні 21 жастағы спортшының мәйіті оның туған қаласы Бакурианиге жеткізілген.

Грузия ресмилері Халықаралық шана спорты федерациясының Кумариташвилидің қазасы оның өз қатесінен болды деген алдыңғы тергеу қорытындысына наразылық танытты. Олар шана жолы өте қауіпті болғанын айтуда.
XS
SM
MD
LG