Accessibility links

Сүнниттер блогы Ирақ сайлауларына бойкот жариялады


Бүгін сүннитердің үлкен блогы 7-ші наурызда Ирақта өтетін парламенттік сайлауларға қатысудан бас тартатындықтарын айтты.

"Ұлттық диалог майданы" тобының өкілі Хайдер әл-Мулла сайлауға бойкот жариялауға жүздеген сүннит кандидаттарының қара тізімге енгізілуі себеп болды деген. Сүннит саясаткерлері сайлауға қатысуға тыйым салу шиит кандидаттарына ыңғайлы жағдай жасау үшін Иранның қысымымен жасалып отыр дейді.

Әл-Мулла өзінің тобы шетелдің жоспарымен өтетін Ирақтағы саяси процеске қатысуды жалғастыра алмайды деді. Бүгінде "Ұлттық диалог майданының" парламентте 11 мүшесі бар. Бұл топтың жетекшісі Салех әл-Мутлақтың да сайлауға қатысуына тыйым салынған. Ол өзіне тағылған Саддам Хуссейннің Баас партиясымен байланысы бар деген айыптың саяси астары бар деп айтады.
XS
SM
MD
LG