Accessibility links

Непалдың бойы 56 см адамы Гиннес кітабына енгісі келеді


Бойы 56 сантиметр ғана болатын непалдық жігіт өзін әлемдегі бойы ең кішкентай адам деп мойындап, Гиннестер кітабына енгізсе деген үмітпен Еуропаға сапарын бастады.

Жексенбі күні Катмандуда жиналған халық Еуропаға өзін таныстыру науқанымен бара жатқан 18 жастағы Хаджендра Тапа Магардың әлемдік рекордтар кітабына енуіне тілектестік білдірді. Ол Лондонда орналасқан ұйымға қазан айында өтініш түсіргенімен, әлі жауап болмаған.

Қазіргі таңда әлемдегі ең бойы кіші адам деп 73 сантиметр бойы бар қытайлық тіркелген.
XS
SM
MD
LG