Accessibility links

Германияда Lufthansa ұшқыштары наразылық акциясын бастады


Еуропадағы ең ірі әуекомпанияларының бірі – Lufthansa жұмысшылары бүгін наразылық акциясын бастады. Жалақының өсірілуін талап еткен 4 мың ұшқыш төрт күн бойы жұмысқа шықпауға бел шешіп отыр.

Осы уақыт аралығында 3200-ге жуық рейс тоқтатылуы мүмкін. Бұл Германияның өз ішінде және әлемнің басқа да мемлекеттері арасындағы әуе байланысына кері әсер етеді. Әуекомпаниясы 100 миллионға жуық евро шығынға батуы мүмкін.

Германияның көлік министрі Петер Рамзауердің жанжалдасушы екі жақты келістіру әрекеті сәтсіз аяқталды.

Концерн акция барысында Германияның өз ішінде жолаушыларға билеттерді басқа күнге ауыстыруға немесе сол бағыт бойынша пойызға билет алуға көмектесуге дайын екендігін жариялады.
XS
SM
MD
LG