Еуропа Одағы Дубайда Хамас қолбасшысын өлтіруге еуропалық төлқұжаттардың пайдаланылғанына байланысты алаңдаушылық танытып отыр. Одақтың қазіргі төрағасы Испания сыртқы істер министрі Мигел Ангел Моратинос бұл туралы Брюсселде Еуропа Одағындағы әріптестерімен кездесуінің алдында мәлімдеді.
Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бүгін Моратиноспен және тағы басқа ресмилермен кездеседі деп күтілуде. Либерман қаңтар айында Махмуд әл-Мабхухқа жасалған қастандыққа қатысты Британия, Ирландия, Франция және Германия төлқұжаттарының пайдаланылғанына байланысты түсініктеме беруі тиіс.
Израиль қаңтардың 19-дағы оқиғаға өзінің қатысы бар екенін ресми түрде растамады және жоққа да шығармады. Израилдің "Моссад" тыңшылық агенттігі Дубайда Хамас қолбасшысын өлтіру мақсатында жасанды төлқұжаттарды жасады деп айыпталып отыр.