Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда 2 шетел сарбазы құрбан болды


НАТО-ның мәлімдеуінше, Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған бомба жарылысынан екі шетел сарбазы қаза тапқан. НАТО бұл оқиғаның осы аймақта жүргізіліп жатқан әскери операцияға қатысы жоқ деп атап көрсетті. Жексенбі күні құрбан болған сарбаздардың азаматтығы жарияланбады.

Ауғанстанның Хелманд өлкесіндегі операцияға 15 мыңға жуық жауынгер жұмылдырылған. Ақпанның 13-де Талибанға қарсы басталған шабуылдардан жалпы 13 шетел сарбазы мерт болды.
XS
SM
MD
LG