Accessibility links

Lufthansa соттан ұшқыштардың наразылық акциясын тоқтатуды сұрады


Lufthansa әуекомпаниясы соттан ұшқыштардың наразылық акциясын тоқтатуды сұрап отыр. Дүйсенбі күні басталған наразылық шарасына байланысты жүздеген рейс тоқтатылды. Ұшқыштар одағының акциясы 4 күнге жалғасады деп күтілуде. Бұл уақыт аралығында аталмыш компания 3200 рейсін тоқтатуға мәжбүр болуы мүмкін. Нәтижесінде Lufthansa-ға миллиондаған еуро шығын әкелуі ықтимал.

Еуропадағы ең ірі әуекомпаниялардың бірі Lufthansa шығындарын қысқарту мақсатында аз жалақыға ұшуға әзір шетелдік пилоттарға жұмыс беруі мүмкін деген алаңдаушылықтардан кейін Cockpit ұшқыштар одағы наразылық шарасын бастап отыр.
XS
SM
MD
LG