Accessibility links

Қостанай прокуратурасы: Азамат Кәрімбаев өзіне-өзі қол салып қаза болған


Былтыр күзде "террористік топтың жетекшісі" деген айыппен соттаып, жыл соңында Арқалық түрмесінде белгісіз жағдайда қаза болған Азамат Кәрімбаевтың жесірі Айман Кәрімбаева Қазақстан президентінің атына жазған шағымына Қостанай облыстық прокуратурасынан келген жауап келгенін Азаттыққа хабарлады.

Прокуратураның жауабында Азамат Кәрімбаев тұтқында болған Арқалық қаласындағы УК-161/12 колониясында жүргізілген тексеру барысында 24 желтоқсан 2009 жылы сағат 24 шамасында мойны кесілген Азамат Кәрімбаевтың өлі денесі табылғаны, марқұмның киімінен «кешіріңдер мені, мен ешкімді кінәламаймын» деп қазақ тілінде жазылған және араб тілінде бірнеше сөз жазылған дәптер парақшасы табылғаны айтылған.

Ал мәйітте «өзге ешқандай дене жарақаты болмағандығы, сондай-ақ оған қарсы күш қолданылғандығын дәлелдейтін ешқандай айғақтар табылмаған» деп жазады прокуратура.

Алайда Айман Кәрімбаеваның адвокаты Төлеген Бөлек бұл жауапқа қанағаттанбай отыр. Ол тексеріс барысында мәйіттің жанында табылған хаттағы жазу кімдігі екендігі анықталмағандығын және Азамат Кәрімбаевтың денесінде оған қарсы күш қолданылғандығын растайтын мәйітті жуындырған азаматтардан куәліктер алынбағандығын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG