Accessibility links

Талғат Мұсабаев: Ресей ҚазСат-қа қатысты кінәсін толығымен мойындады


Ресей қазақстандық «ҚазСат» спутнигінің ұшырылуындағы сәтсіздікке байланысты өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ал өтемақы мәселесі Лондонда шешілуі тиіс, - деп мәлімдеді бүгін Астанада "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев

"KazSat-1" жер серігін жасау жобасына жұмсалған жалпы шығын көлемі 65 миллион долларға тең. Құнды толық көлемде қайтару туралы сөз қозғалуға тиіс емес, өйткені ол жартылай жұмыс атқарды. Біз нақты соманы сұрадық және оны қайтарып алудан үмітіміз бар. Бұл - шамамен "KazSat-1" жер серігі құнының 70 %-ын құрайды", - деді Талғат Мұсабаев.
XS
SM
MD
LG