Accessibility links

Сақтандыруы жоқ көлік иелеріне айыппұл 3 есе көбейді


Сақтандыру полисі жоқ автокөлік иелеріне салынатын әкімшілік айыппұл мөлшері 3 есеге көбейтілді. Бұл туралы сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында сақтандыру омбудсмені Виталий Веревкин мәлімдеді.

2010 жылдың 20 ақпанынан бастап «Салық салу, міндетті және екіжақты сақтандыру мәселелеріне қатысты Қазақстанның заң актілеріне өзгертулер мен түзетулер туралы» заң өз күшіне енді.

«Заңда автокөлік иелеріне қатысты біржақты жағымды жайттар болмайды, бірақ адамдарды тәртіпке салатын тұстары бар», - деді Веревкин.

«Сақтандыру полисі жоқтарға қатысты әкімшілік айыппұлдардың мөлшері өсті. Егер бұрын автокөлік иелері үшін бұл 3-7 орташа айлық көрсеткіш мөлшерінде болса, енді бұл сан 20 айлық көрсеткіш мөлшерінде болмақ», - деді омбудсмен.
XS
SM
MD
LG