Иранның мемлекеттік телеарналары хабарлағандай, елдің қауіпсіздік күштері оппозициялық қарулы сүнниттер тобының жетекшісін қолға түсірген. Мәліметтерге қарағанда, Иранның қауіпсіздік күштері көтерілісшіл Жундалла тобының жетекшісі Абдулмалик Ригиді елдің сыртынан ұстап, кейін Иранға әкелген.
Осыған дейін Риги Пәкістанда тығылып жүр деп айтылатын. Жундалла тобы Иранның оңтүстік-шығысында бірнеше адамның өмірін қиған шабуылдарға жауапкершілік алып келген.
Иран бұл сүннит мұсылмандарының қарулы тобының террорлық әл-Қаидамен байланысы бар деп күдіктенеді.