Accessibility links

Ауғанстанда Румыния әскері қаза тапты


Румынияның қорғаныс ресмилері Ауғанстанда 31 жастағы румын әскері қаза болды деп хабарлады.

Бухарестен түскен хабарларға қарағанда, ол сарбаз Ауғанстанның оңтүстік-шығысында Забул провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылысынан сейсенбі күні мерт болды.

Тағы бір румыниялық әскер бұл жарылыстан жарақат алған. Осымен Ауғанстанда қаза тапқан Румыния әскерінің саны 12-ге жетті. Бұл елде Румынияның 1035 жасағы бар.

AzattyqTV

AzatNews 21.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:42 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG