Accessibility links

Жұмысшыларды қолдауға шыққан Айнұр Құрмановты полиция ұстады


Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайск механикалық зауытының жұмысшылары бүгін Алматыдағы АТФ Банкінің бас кеңсесі ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізді.

Еңбек ұжымының өкілдері банк басшылығына өздерінің жолдауын тапсырды. Жұмысшылар банктің кәсіпорын мүлкін сату туралы ескерту қағазын қайтарып алуды және заңға сәйкес несиелік міндеттемелерін орындауды талап етті.

Аймақ жұмысшыларына Алматыдағы бірқатар қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетуге келді. Полиция «Талмас» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Құрмановты және ұйымның тағы бір белсендісін ұстап алып кетті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

АТФ Банк зауытты техникамен қайта жарақтауға 2007 жылы бөлген қаржыны толық көлемде қайтаруын талап етіп келеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG