Accessibility links

Здравко Толимир Гаага сотына жауап береді


Бұрынғы босниялық серб генералы Здравко Толимир жұма күні Гаага трибуналына тартылады. Оған 1995 жылы Сребреница анклавындағы мұсылман тұрғындарды өлтірді деген айып тағылып отыр.

Толимир кезінде босниялық сербтердің әскери қолбасшысы генерал Ратко Младичтің жеті орынбасарының бірі болды. Ол 2007 жылы Боснияда ұсталды. 61 жастағы Толимирдің денсаулық жағдайының нашарлығы сот мәжілісін бастауға кедергі келтіріп келді.
XS
SM
MD
LG