Accessibility links

Түркия соты 7 офицерге үкіметті құлатпақшы болды деген айып тақты


Түркия соты ресми түрде 7 әскери офицерге осыдан бірнеше жыл бұрын үкіметті құлатпақ болды деген айып тағып отыр. Стамбулдағы сот бұл әскери қолбасшылар абақтыда ұсталуы тиіс деген шешім шығарды. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, айыпталушылардың арасында 4 адмирал мен зейнетке шыққан екі бригада генералы мен екі полковник бар.

Түркия прокуратурасы 2003 жылы елдің исламшыл үкіметін құлатпақ болды деген күдікпен 50 шақты әскери қолбасшыны тергеп жатыр.

Айыптаушылардың айтуынша, бұл әскерилер елде толық тәртіпсіздіктер жасап, әскерилердің төтенше жағдай жариялауы арқылы үкіметті биліктен кетіру жөнінде жоспары болған.
XS
SM
MD
LG