Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея өкілдері Қытайға барды


АҚШ пен Оңтүстік Кореяның өкілдері Қытайға сапармен барып отыр. Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтатуға бағытталған келіссөздерді қалпына келтіру үшін жаңадан дипломатиялық әрекеттер жасалуда.

АҚШ президенті Барак Обаманың Солтүстік Корея бойынша арнайы өкілі Стивен Босуорт бүгін қытайлық әріптесі Ву Дауеймен кездеседі. Осыдан бір күн бұрын Вумен Оңтүстік Кореяның алтыжақты келіссөздердегі өкілі жүздескен болатын.

Алтыжақты келіссөздерге Жапония, Ресей, Қытай, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері қатысады.
XS
SM
MD
LG