Accessibility links

ЕуроОдақ өкілі Әзірбайжанда баспасөз еркіндігі мәселесін көтермек


Еуропа Одағының Оңтүстік Кавказ бойынша арнайы өкілі Питер Семнебидің Бакуге сапары жалғасуда. Семнеби Азаттық радиосының Әзірбайжан қызметіне берген сұхбатында күн тәртібінде тұрған басты тақырыптардың бірі баспасөз еркіндігі деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Әзірбайжанға барған ЕуроОдақ өкілі бұл елде ақпанның 25-не дейін болады. Семнеби сондай-ақ ресмилермен және оппозиция, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, энергетика, адам құқықтары мен Таулы Қарабах мәселелерін талқылайды.

Әзірбайжанда бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген соңғы толықтыруларға сәйкес, кез келген адамды оның рұқсатынсыз сурет пен видеоға түсіру немесе даусын жазып алу заңбұзушылық деп есептеледі.
XS
SM
MD
LG