Пәкістан барлау ресмилерінің айтуынша, бүгін Солтүстік Вазиристанда орын алған АҚШ-тың әуе шабуылынан бүлікші деп күдіктелген кемінде 6 адам қаза тапқан. Ауғанстанмен шекарадағы бұл аймаққа АҚШ әуеден үш рет соққы берді деп хабарлады Пәкістан ресмилері. Бұл шабуылдар Әл-Қаидаға қатысы бар Хаккани желісіне бағытталды делінеді.
Өткен аптада аталмыш топтың басшысы Сиражуддин Хакканидің бауыры өлтірілген болатын.
Өткен аптада аталмыш топтың басшысы Сиражуддин Хакканидің бауыры өлтірілген болатын.