Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайск механикалық зауытының жұмысшылары бүгін Алматыдағы АТФ Банкінің бас кеңсесі ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізді. Жұмысшылар банктің кәсіпорын мүлкін сату туралы ескерту қағазын қайтарып алуды және заңға сәйкес несиелік міндеттемелерін орындауды талап етті.
Аймақ жұмысшыларына қолдау көрсетуге келген «Талмас» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Құрмановты және ұйымның тағы бір белсендісін полиция ұстап алып кетті деп хабарлады Азаттық тілшісі. АТФ Банк зауытты техникамен қайта жабдықтауға 2007 жылы бөлген қаржыны толық көлемде қайтаруын талап етіп келеді.