Accessibility links

Маерманов пен Шейнкман 11 жылға түрмеге жабылды


Ақмола гарнизонының әскери соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маермановты 11 жылға түрмеге жауып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Осындай үкім сондай-ақ Израиль азаматы Борис Шейнкманға шығарылды.

Маермановқа жемқорлық қылмыстарын жасады деген айыптар тағылды. Әскери сот сондай-ақ Маермановты генералдық атағынан және мемлекеттік сыйлықтарынан айыру жөнінде шешім шығарды. Шейнкманға алаяқтық жасады және пара берді деген айыптар тағылды.

Маерманов пен Шейнкманды ҰҚК-нің қызмкеткерлері өткен жылы қамауға алған болатын.
XS
SM
MD
LG