Accessibility links

Нигерияның әскери үкіметі елде демократияны қайта қалпына келтіруге уәде берді


Өткен аптада президент сарайын күшпен басып алып, 71 жасар Мамаду Танджаны биліктен тайдырған әскери топ, ашық сайлау өткізуді көздейтіндігін мәлімдеп, елдегі демократияны қайта қалпына келтіруге уәде берді.

Нигерияда билік пен оппозицияның текетіресі өткен жылы президент Мамаду Танджа үшінші президенттік мерзімге жол беретін заң қабылдағаннан кейін өрши түскен болатын.

Танджа және бірқатар министрлер, төңкеріс болған 18 ақпаннан бері үйқамақта отыр.
XS
SM
MD
LG