Accessibility links

Жанкешті Кабулдегі ірі сауда орталығында шабуыл ұйымдастырды


Ауғанстан астанасында терроршы-жанкешті қаладағы ең ірі сауда орталығына кіре берісте жарылғышты іске қосқан. Бұл туралы ауған полициясы хабарлады.

Жарылыстың зардаптары туралы әзірге мәлімет жоқ. Хабарларға қарағанда, шабуыл ұйымдастырылған кезде ғимаратта адам аса көп болмаған.

Төтенше оқиға тіркелген ауданда мылтық дауысы естіліп жатқандығы хабарланды.
XS
SM
MD
LG