Accessibility links

Ирақтағы сүнниттік ірі блок сайлауға қатысатын болды


Ирақтағы ірі сүнниттік блок – Ұлттық диалог майданы 7 наурызда өтетін парламент сайлауына қатысатындығын жариялады.

Бұған дейін блок өкілдері сайлауға бойкот жариялаған еді. Наразылық іс-әрекетін олар Саддам Хусейннің Баас партиясына қатысы бар деп айыпталған жүздеген сүнниттің сайлауға қатысуына рұқсат етілмеуімен түсіндірген еді.

Ұлттық диалог майданының 11 депутаты қазіргі парламентте отыр. Сарапшылар сайлауға сүнниттердің қатыспауы дауыс беру науқанының заңдылығына күмән туғызуы мүмкін екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG