Accessibility links

Ресей АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне алаңдаулы


АҚШ-тың Еуропада жаңа зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Ресейдің бірқатар сауалдары бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Нестеренко мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Еуропадағы бұл жоспары жақсылап ойластырылмаған деп атап көрсетті.

Оның алдында Румыния зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты Вашингтонмен келіссөз жүргізетінін хабарлады. Ал Болгария бұл жобаға қатысуға қызығушылық танытты.
XS
SM
MD
LG