Accessibility links

"Диапазон-Орал" газеті жұмысын уақытша тоқтатты


Қазақстанда «Диапазон-Орал» мен «Среда-Уральск» газеттері жұмысын уақытша тоқтатып отыр. Бұл туралы жұма күні басылымның құрылтайшысы хабарлады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Диапазон-Орал" газетінің бірнеше қызметкері жалақының азайтылып, жұмыс жағдайының нашарлағанына келіспеушілігін білдіріп, жұмыстан өз еріктерімен босату туралы арыз берген. Басылым басшылығы журналистерді ұжымға іріткі салғаны үшін айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG