Accessibility links

АҚШ әскері Маржа қаласы содырлардан тазартылды деді


АҚШ қолбасшылары Ауғанстанның оңтүстігіндегі екі аптадай өткен бірлескен операциядан кейін Маржа қаласы содырлардан тазартылды деді.

Хельманд провинциясында АҚШ бастаған күштер мен ауғандық жасақтар бірлесіп, аймақта тығылып жүрген талибандарға қарсы кең көлемді операциялар жүргізген. Маржа операциясы 2001 жылы Ауғанстанға АҚШ бастаған күштер енгеннен бергі талибандарға қарсы ең үлкен соққы болды.

АҚШ әскерилері осы жылдың соңында Қандағар провинциясындағы талибандарға қарсы операция жүргізіледі деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG